Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бақытты отбасы-бақытты бала»
16-11-2018 17:23
 «Бақытты отбасы-бақытты бала»

Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында Павлодар қаласы № 32 жалпы негізгі білім беру мектебінде «Бақытты отбасы-бақытты бала» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бұл игі іс-шараға Павлодар қаласы солтүстік полиция бөлімшесінің бастығы С.С.Ахметов; Облыстық Діни істер басқармасының басшысы Д.Қ.Закириянов; облыстық оңалту орталығы басшысының орынбасары Ф.Ш.Бельгибаева, «Дағдарыс орталығының
Психолог маманы Д.Ж.Джаналинова ; қалалық білім бөлімінің бас маманы Шакенов С.С; және ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
Іс-шарада мектеп әкімшілігі осы өзекті мәселені ортаға салып, сөз қозғады.
Семинардың мақсаты - ата-аналар мен мұғалімдердің балалардың зорлық-зомбылық проблемасына, білім берудің зорлық-зомбылық әдістеріне назарын аудару; ата-аналардың балалардың құқықтарына қатысты құқықтық сауаттылығы. Шақырылған қонақтар қиын өмірлік жағдайларда балаларға көмек көрсетудің ықтимал түрлері туралы әңгімеледі.
Ата-аналар қауымдастығының қатысушылары мен белсенді мүшелері үшін алғыс тапсырылды.