Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі: 15:00-18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жанымда жүр жақсы ұстаз
13-12-2010 18:00

Жанымда жүр жақсы ұстаз

Жайдақбаева Райгүл Құнашқызы

23.03.1966 ж.

 Оқыған орны-1996ж. Павлодар мемлекеттік университеті

 Мамандығы-Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еңбек өтілімі – 23 жыл

Санаты – бірінші, 2009 ж.

Атқарған қызметтері: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары

Атқарып жүрген қызметі-№ 32 мектептің әлеуметтік ұстазы.

Өткен курстары:

*Оқушыларға адамгершілік және патриоттық тәрбие берудегі мұражайдың атқарар қызметі- 2001ж. Алматы қаласы.

*МЭЕМ операторы-1998 ж. Семей қаласы.

*Сынып жетекшілерінің білімін жетілдіру курсы-2001ж.-Семей қ.

*12 жылдық білім беруде нәтижеге бағыттай оқыту-2006 ж.

Қанипа Бітібаеваның арнаулы мектебі. Өскемен қаласы.

*12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайында кәсіптік даму жүйесін басқару - 2006 ж. - Өскемен қаласы.

*12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымының әлеуметтік педагог іс-әрекетіне жаңаша көзқарас- 2007 ж. Павлодар қ.

*Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар-2009 ж. Павлодар қаласы.

Әлеуметтік бағыт, әлеуметтік бағдар, әлеуметтік жағдай ... Бүгінгі күннің өзекті мәселесі де осы болып отыр. Елбасымыздың атап көрсеткеніндей, халықтың әлеуметтік жағдайын қалыптастыру жолында мектептің де атқарар ролі ерекше. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын мектеп оқушылары арқылы танып-білуде әлеуметтік педагогтың еңбегі бар. Осы орайда биылғы жылдың «Ең үздік әлеуметтік ұстазы» атағына ие болған Жайдақбаева Райгүл Құнашқызы туралы сөз қозғағанды жөн көрдім. Мектептегі ерекше көңіл аударуды талап ететін балалармен жұмысты ұршықша иіріп әкеткен бұл кісі - өз ісінің маманы деуге әбден болады. Көпбалалы, тұрмысы төмен, толық емес отбасыларының әрқайсының тұрмысын, отбасындағы проблемасын жатқа білетін Райгүл Құнашқызы олармен тіл табысып қана қоймай, әрқашан қолынан келгенше көмек көрсетіп, білгенін айтуға жалыққан емес. Тіпті бұл категориядағы отбасы мүшелері мектепке келіп, басқа педагогтарды емес, тек қана Райгүл Құнашқызын іздейтіні де осының айғағы. Мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақпен, киім-кешекпен, оқу-құрал жабдықтарымен жағдайы нашар отбасы балаларын қамту да осы кісінің міндеті. Өзінің қамқор, ақкөңіл мінезмен бірден баурап алатын маман керек кезінде талап қойғыш та. Жан-жақты көзқарастағы мұндай мамандар- мектептің жүрегі болып отырғаны анық.. Бала тәрбиесін басты назарда ұстау керектігін мақсат қылған Райгүл Құнашқызы да тынымсыз еңбегін, мектеп оқушыларының тәрбиесіндегі қазіргі ерекшеліктер мен проблемасы жайында «Ұстаздар» газетінде жариялаған мақалаларында атап көрсеткен болатын. Мұғалімдердің тамыз конференциясында «Тәртіпбұзушылықтың алдын алу-ұстаздар мен ата-аналардың ортақ міндеті» деген баяндамасында да бұл мәселені ортаға салды. Ата-аналарға арнап «Общение с детьми», «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», «Асыл сөзді іздесең-Абайды оқы, ерінбе» атты жинақтар шығарды. Күнкөріс қамымен жүріп, мектепке ат басын бұрмайтын ата –аналарды кезекті сынып жиналысына емес, арнайы ұйымдастырылған семинар-кеңеске арнайы шақыру арқылы келтіру де, оларға көмек ретінде «Бала-біздің болашағымыз!», «Ответственность несовершеннолдетнего» атты кітапшалар ұсыну да- осы кісінің бастамасы болатын.

Жиырма жылдан астам ұстаздық тәжірибесі бар Райгүл Құнашқызының негізгі мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. «Абай шығармалары арқылы оқушыларды көркемсөзге баулу» тақырыбында жұмыс істейтін Абайтану саласында қалалық конференцияда «Абай-дана, Абай-дара халықта», «Абай мен Пушкин шығармашылығы» атты баяндамалар оқып, шығарған кітапшалары, берген дәрістері арқылы шәкірттерін Абай мұрасымен адамгершілік, имандылық жолына тәрбиелейтін әріптесіміздің есімі қала көлемінде де таныс.

Әлеуметтік ұстаз бола жүріп, адамдарға көмегім көп тиер деп ойлайтын Райгүл Құнашқызы бұл қызметінен жалыққан емес. Қала мектептеріндегідей арнайы отырған инспекторы жоқ , балалардың мектептен басқа баратын мәдени орны жоқ , әртүрлі деңгейдегі отбасын қамтитын тоғыз мыңнан астам халқы бар кент аймағындағы үш мектептің мөлтекауданын аралап, әлеуметтік жағдайларын жатқа білетін әлеуметтік педагог өзі атқарып жүрген ісін жауапты санайды.

«Елбасының жолдауын қолдап, халықтың әлеуметтік жағдайына қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болса үлес қосып жүргенім-мен үшін қуаныш» дейді әріптесіміз.

Қалалық сайыста алған жүлдесі өзіне лайық дей отырып, атқарып жүрген игі ісіне табыс тілейміз!

Тұрғанбек Ашжанов

№ 32 мектептің директоры

Павлодар қаласы