«Familyday»отбасылық сайысы«Біз бірге бақыттымыз»
2019 жылғы 2 наурызда «Рухани Жаңғыру» жобасы мен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында «Павлодар қаласының № 32 жалпы негізгі білім беру мектебінде» «Familyday»отбасылық сайысы«Біз бірге бақыттымыз» қоғамдық іс-шарасы өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Ата-аналар мен балалар мақал-мәтелдер, балалар әндері білімдерімен, «Сіз балаңызды (ата-анаңызды) жақсы білесіз бе?» сайысында жарысты. Барлық іс-шара өзара түсіністікпен, қолдау мен өтті. Мереке соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар тапсырылып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.