Оқушылардың бойында кіші Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриотизм сезімдерін қалыптастырып, туған жердің тарихымен ойын түрлері арқылы танысу мақсатында 2020 жылы 14 ақпанда Павлодар қаласы № 32 жалпы негізгі білім беру мектебінде «Менің Отанымның тарихы» тақырыбында квест ойыны өткізілді. Павлодар қаласының № 28,30,31,32,33 мектеп оқушылары 6 бекеттегі тапсырмаларды орындап, сайысқа түсті:
1 бекет. «Абай әлемі».Ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып, Абай шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді;
2 бекет. «Мир Клио». Суретке қарап қала мұражайларын анықтап, мекеменің атауын дәл тауып, қазір онда не барын айтып берді;
3 бекет. «Колумбиада». Географиялық оқу құрал-жабдықтарын анықтап, азимутты айтып, саяхатқа шығатын палатка жинады.
4 бекет. «Экология».Суреттегі өсімдікті анықтап, оның емдік қасиеттерін, қолданылуын атап айтып берді;
5 бекет. «Лингва сити» Берілген сұрақтараға орысша-ағылшынша жауап берілді;
6 бекет. «Жас химиктер». Химиялық элементтердің құрамын анықтады;
Сайыс қорытындысында әділқазылар алқасы маршрут қағазындағы ұпай санына байланысты, жеңімпаздарды анықтадыы. Бас жүлде – арнайы кубок № 28 мектеп командасына, 1 орын-31 мектепке, 2 орын-30 мектепке, 3 орын-33 мектепке, қолдау сыйлығы № 32 мектеп командасына табысталды. Барлық қатысушыларға Ризашылық сертификаттар тапсырылады. Әртүрлі бекеттегі тапсырмалар оқушылардың көңілінен шықты. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар дастарханға шақырылды.