Ата- бабаларымыздың мұрасы
Ата - бабаларымыздың мұрасы
2020 жылғы 12 қараша күні Балалар–жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Ата - бабаларымыздың мұрасы» қашықтан зияткерлік – танымдық викторинасы өтті. Мақсаты: қазақ халқының көркем мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, халықтық қолданбалы өнерді зерттеуге қызығушылықты дамыту. Іс-шараға 300-ден астам оқушы қамтылды.
Оқушылар қазақ ою-өрнек өнерінің пайда болуы туралы көптеген қызықты фактілерді біліп, ұсынылған мәдени мұра нысандарындағы суреттің мақсатын түсіндіре алды. Соңында оқушыларға қазақ ою-өрнегінің элементтерін білуге қызықты викторина ұсынылды.