Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жас эколог" мұражайы

«Жас эколог» мұражайына

қош келдіңіз!

КОЛЛАЖ МУЗЕЙ

  «Жас эколог» мұражайы өлкетану негізінде құрылып, экологиялық өлкетану білімдерін меңгеру жүйесінде қосымша буын болып табылады. Мұражайдың ашылу күні – 1990 жылғы 25 желтоқсан.

  Мұражай қызметінің басты міндеттері:

-орталықтағы оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуына қолғабыс ету;

-туған өлкенің табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және насихаттау;

-оқушылармен, тұрғындармен белсенді экскурсиялық-бұқаралық жұмысы, қоғамдық бірлестіктерімен тығыз байланыс;

-мұражай қорын толымдау және оның сақталуын қамтамасыз ету.

  БЖЭТО мұражайы тәрбиелік және ғылыми-танымдық құндылығы бар табиғат пен қоғамның тарихы бойынша материалдарды жинау, зерттеу, өңдеу және насихаттау үдерісі барысында балалардың шығармашылық қызметі мен қоғамдық белсенділігін дамыту бойынша жұмыс үлгілерінің бірі болып табылады.

  «Жас эколог» мұражайы бейіні бойынша кешенді, өз қызметін әртүрлі бағыттар бойынша іске асырады.

  Мұражай жәдігерлері келесі бөлімдер бойынша ұсынылған:

- "6 млрд. жыл бұрын";

- "Жер қойнауы қазыналары";

- "Жердің өткені мен осы шағы";

- "Гусиный перелет";

- "Табиғаттағы іздер";

- "Жұмыртқалар жинақтамасы";

- "Мүктер, саңырауқұлақтар, қыналар";

- "Табиғи аймақтардың көрінісі"; 

- "Қазақстан көркі – Баянауыл"; 

- "Қызыл Кітап".