Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 219 бұйрығына қосымша

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидасы" "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдарына және жалпы орта білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) құжат қабылдаудың тәртібін анықтайды.

      2. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - Портал) жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі, оның ішінде үрдістің мінездемесі, түрі, мазмұны және қызмет көрсетудің нәтижесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беріледі немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қабылдау туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш берген жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы анықтаманы беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттарды Портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алынған сәттен бастап 10 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште немесе Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны және қосымша білім беру ұйымына, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның филиалына құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезеңі туралы ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға беруге болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына тікелей түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекен-жайына түскен жағдайда, онда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

      Бұйрыққа қосымша

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы жүзеге асырады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 30 (отыз) минут (құжаттарды ағымдағы жылғы тамыз айының 1-нен бастап қазан айының 1-не дейін жыл сайын қабылданады).

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қосымша білім беруге оқуға қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартының 9 - тармағымен қарастырылған дәлелді жауап беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету нысаны қағаз немесе электрондық нұсқада беріледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері

Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікпен тегін немесе ақылы көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына: 1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; 3) көп балалы отбасылардың балалары; 4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар; 5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар; 6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар; 7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар; 10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар. Мемлекеттік қызметтің құнын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет - ресурстарында орналастырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мемлекеттік қызмет көрсету сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
2) Мемлекеттік корпорация: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмаған, жедел қызмет көрсетусіз, мүмкін "брондауға" портал арқылы электрондық кезек;
3) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстары жүргізілетін техникалық үзілістерді ескермегенде (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күнінің соңында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда).
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетілетін мекен-жайлары www.nis.edu.kz интернет ресурсында, сондай-ақ, Министрліктің www.edu.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде орналастырылған.

8

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) еркін түрде жазылған өтініші;
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе басқа заңды өкілінің) біреуінің атынан оның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жергілікті тұратын мекен-жайы көрсетілген өтініш.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар

1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) конкурстық іріктеуге қатысу өтінішін белгіленген мерзімнен кеш тапсырған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзгеде талаптар

Организм функциялары бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамаудағы тұлғаларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, болатын жеріне барып және бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы қағаз жеткізгішін толтыра отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ пайдалану мүмкіндігі портал арқылы электрондық сұрау салу арқылы мемлекеттік қызметті алу кезінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі мәселелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары www.nis.edu.kz интернет-ресурсында көрсетілген, бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 77777.

   Қазақстан Республикасы

                                                                                   Білім және ғылым министрінің

                                                                                   2015 жылғы «7»  сәуірдегі

                                                                                   № 170  бұйрығына

                                                                                  1-қосымша

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру

ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттіккөрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

   1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі –  мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

   2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

   Өтінішті   қабылдау  және мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  4.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

   2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

    3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес)  минуттан аспайды.

   5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

   6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымынақабылдау.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

    7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы және тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

   «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген білім алушылар санатына мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін немесе  жеңілдік негізінде ақылы түрде көрсетіледі.

  Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.

   Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

    1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

     3) көп балалы отбасылардың балалары;

  4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;

   5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

  6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

    7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

    8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

  9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

  10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.

   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын «Білім туралы» 2007 жылғы  27 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші  айқындайды  және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

  Білім беру қызметтеріне ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

  8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша  демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында.

   Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру  сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.

  Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

   9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысандағы өтініш;

       2) баланың жеке басын куәландыратын құжат;

    3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген№ 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама.

  Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде  көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

 шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының12-тармағында көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) және көрсетілетін қызметті берушініңбасшысының атына беріледі.

 Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.

  Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ЖАО-ның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

  Шағымда жеке тұлғаның тегі мен аты-жөні, әкесінің  аты (болған жағдайда) пошталық адресі, байланыс телефондары   көрсетіледі және  көрсетілетін қызметті алушы қол қою керек.

  Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО - ның  мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО -ның  кеңсесінде қолма-қол беріледі.

  Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.

  Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

   12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

   1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде;

   2) ЖАО интернет-ресурстарында орналастырылған.

  13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

   14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

                                                                             Қазақстан  Республикасы

                                                                        Білім және ғылым министрінің

                                                                             2015  жылғы  «7» сәуірдегі

                                                                             № 170  бұйрығына

                                                                             2-қосымша

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау

конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.     Жалпы ережелер

   1. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын  тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық білім басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

  Өтінішті  қабылдау  және мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2.     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

    3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес)  минут.

    5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

   6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау нөмірін, күні мен  уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.

     Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

  7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы)тегін көрсетіледі.

  8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша  демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында.

   Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру  сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

   9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi)жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

   1) конкурсқа қатысу туралы өтініш  (еркін нысанда);

  2) осы стандарттың қосымшасында көрсетілген конкурсқа қатысу критерийлеріне сәйкестігін растайтын материалдарды ұсыну.

 Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде  көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.

3.     Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық

маңызы  бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін

 қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды

адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі

  10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) және көрсетілетін қызметті берушініңбасшысының атына беріледі.

  Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.

  Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ЖАО-ның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

 Шағымда заңды тұлғаның реквизиттері, пошталық адресі, байланыс телефондары   көрсетіледі және  көрсетілетін қызметті алушы қол қою керек.

  Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО - ның  мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО -ның  кеңсесінде қолма-қол беріледі.

  Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
  Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

  12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

  1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде;

  2) ЖАО интернет-ресурстарында орналастырылған.

  13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

                                                             «Орта білім беретін үздік ұйым»   

                                                              грантын  тағайындау конкурсына

                                       қатысу үшін құжаттарды қабылдау 

                                                                     мемлекеттік көрсетілетін қызмет

                                                      стандартына қосымша

Конкурсқа қатысу критерийлері

   Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы білім беру технологияларын тиімді қолдану, 1 компьютерге шаққанда келетін оқушы саны, Интернетке қосылу, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі);

  сапалы білім беруді қамтамасыз ету (жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алған түлектер үлесі, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алған оқушылар үлесі, қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі);

  білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету (5 жылда 1 рет педагогтардың біліктілік арттыру курсынан өтуі, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтердің үлесі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі, ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмыс істеуге келген жас мамандар үлесінің серпіні, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтердің үлесі, эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, оқу және әдістемелік басылымдарға сараптама жасауға қатысуы, авторлық оқу құралдарының, бағдарламаларының, ғылыми әзірлемелерінің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибе енгізу, оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету);

   материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау (қаржыландырудың тиімділігі және нәтижелілігі, қаражатты бөлудің ұтымдылығы және тепе-теңдігі);

  білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау (білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту, тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету, балалар ауруларының динамикасы, оқыту жағдайының санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі, мектеп инспекторы, психологтар мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта, турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы, мектепішілік және жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде  тұратын оқушылар санының үлесі);

  педагогтер мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау (білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы, педагогтерді ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі);

  инклюзивтік білім алуға жағдай жасау (білім беру ұйымына бекітілген шағын ауданда тұратын жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілікті талап ететін бала үлесі);

  соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы (жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні);
  білім беру сапасын басқару (оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі);
   білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі);

  халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге  асыру  (халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны, халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі).

  Конкурсқа қатысу үшін материалдар  жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес ұсынылады және олардың нысанын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

  Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ парақ.

  Өтінімнің толтырылған күні ________________________

  Білім беру ұйымы басшысының қолы________________

        М.О.

Қазақстан Республикасы

                                                                     Үкіметінің

                                                                  2014 жылғы «9»мамырдағы

                                                                    № 633 қаулысымен

                                                                  бекітілген

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру

ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттіккөрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

    1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі –  мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

   2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

   3. Мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

  Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

     4.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

   1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты–  15 минуттан аспайды;

   2) көрсетілетін қызметті алушыға қызметкөрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты–  15 минуттан аспайды.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

   6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымынақабылдау.

     Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

     7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

     9. Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының өзі  немесе оның заңды өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

     1) ата-анасынан (заңды өкілден) өтініш (еркін нысанда);

     2) баланың жеке басын куәландыратын құжат;

     3) денсаулық жағдайы туралы  анықтама (медициналық паспорт).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

     10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарыныңшешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:

 1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына;

    2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып беріледі.

   Көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының атына шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

   Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

  11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері

ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

     12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

   13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс  орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы «9»маусымдағы №633 қаулысымен

бекітілген

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру

ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттікқызметін көрсету стандартынан

КӨШІРМЕ

1.    Жалпы ережелер

    3. Мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

  Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 

      4.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

    1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты–  15 минуттан аспайды;

    2) көрсетілетін қызметті алушыға қызметкөрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты–  15 минуттан аспайды.

    6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымынақабылдау.

     Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

  11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

   12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

   13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс  орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

     2012 жылғы  «31»   тамыз  № 1119 қаулысымен бекітілген

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік қызмет  стандарты

1. Жалпы ережелер

1.«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында көрсетіледі.

2.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3.Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына;  5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының     2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қосымша білім беру ұйымына осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептері үшін 15 жұмыс күні);

2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күту (тіркелу кезінде) уақытының барынша ұзақтығы –                  30 минуттан артық емес.

3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.

  8. Мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.

  9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген  кестеге сәйкес түскі үзіліспен 9.00- ден 18.00-ге дейін  көрсетіледі.

  Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу қарастырылмаған.

  10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша білім беру  ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11.Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы балаларға қосымша білім беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:

 1) балаларды қосымша білім беру ұйымдарына тіркеу туралы заңды өкілдерінің өтініші;

 2) баланың туу туралы куәлігінің, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;

 3) бала мен ата-анасының мәліметтері бар сауалнама;

 4) қызмет  көрсету  талаптары көрсетілген шарт (қажеттілігіне қарай);

 5) қажеттілігіне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).

 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі балаларға қосымша білім беру ұйымының фойесінде, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының уәкілетті органының ресми сайтында орналастырылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті ұсынуға жауапты тұлғаның кабинетіне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.

15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтініш түскеннен кейін 3 жұмыс күні өткен соң бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзі баруы тиіс.

16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Қызметті ұсынудың негізгі қағидаттары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;            

3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген уақытта алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметті уақытылы ұсыну;

5)  сыпайылылық және әдептілік болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні қажеттілігі қарай балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

20. Осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген аудандық және қалалық білім бөлімдері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдемдеседі.

21. Шағымдар  пошта арқылы жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде, не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағым беру барысында қажетті құжаттардың тізбесіне еркін үлгіде жазылған өтініш кіреді.

Жұмыс және қосымша білім беру ұйымдары мен бөлімдер басшыларының қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

22.Мемлекеттік қызмет сапасыз ұсынылған және дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдеріне жолданады.

23.Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Жоғары тұрған органдарға шағым жолдау үшін мемлекеттік қызметті алушының еркін үлгіде өз қолымен жазған арызы беріледі.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы арызға сапасыз қызмет көрсетілгенін растайтын құжаттарды қоса береді.

25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс ақпараттар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік қызмет  стандарты,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  «31»  тамыз   № 1119

қаулысымен бекітілген

3.Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына;  4-бабының 19) тармақшасына;  5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының  2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.

9.Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген  кестеге сәйкес түскі үзіліспен 9.00- ден 18.00-ге дейін  көрсетіледі.