Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәрбие жұмысы

Орталықтағы тәрбие жұмысы - балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуға, әр оқушы мен ұстаз үшін табыс жағдаятын қалыптастыруға бағытталған ұстаздар мен оқушылардың ұйымдасқан қызметі болып табылады.

Осы жұмыстың табысты жүзеге асырылуына Павлодар облысы бойынша экология Департаменті, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары Басқармасы, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасы, «Қазақстан алюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, әлеуметтік-волонтерлық орталығы, «Нұр Отан» партиясының Павлодар қалалық филиалы, жастар бірлестіктері, балабақшалары, «Шаңырақ» балалар әдістемелік орталығы, ата-аналар, т.б. әлеуметтік серіктестігі жағдай жасайды.

 

Қызығушылықтардың ортақтығы мен балалар бірлестіктерінің бірлігін жүзеге асыратын қызметтің дәстүрлі үлгілері қалыптасты:

- «Менің Отаным - Қазақстан» аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы;

- мектеп мұражайлары жас экскурсия жүргізушілерінің облыстық байқауы;

- «Алтын күз»ашық экотуристік жарыстары;

- Кольцовтардың естелігіне арналған жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша ашық жарыстары;

- «Болашақ зияткер»қалалық турниры;

- «Қош келдің, құстар елі!», «Жасыл толқын», «Құс қанатындағы арман» қалалық акциялары;

- «Ұмытылмас каһармандар!»қалалық шығармашылық байқауы;

- «Баршаға үлгі болатын есімдер!»қалалық байқауы;

- «Ауыл, аудан, қала жылнамасы»экологиялық-өлкетану тәжірибенің қорытындылары бойынша шығармашылық есебі;

- Жеңіс Күніне арналған туристік көпсайысы бойынша қала Біріншілігі;

- «Ертіс сыңғыры»бард әнінің қалалық фестивалі сияқты шараларды өткізу.

Алайда «Өлкетану», «Экология», «Туризм» бағыттарының жобалары көлемінде шараларды ұйымдастырып өткізу - денсаулық сақтау, қарым-қатынас және әлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша тиімді кешенді құралы болып келеді