Экологиялық калейдоскоп
Экологиялық калейдоскоп
13 қарашада Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы онлайн тәртібінде «Экологиялық калейдоскоп» зияткерлік-танымдық ойынын өткізді. Мақсаты-қоршаған әлемді сақтау бойынша оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты. Флора және фауна негізінде қатысушылармен онлайн-ойын, маңызды экологиялық күндер, экологиялық жағдайлар мәселелері бойынша өткізілді. Іс-шара танымдық және қызықты болды.