«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»
2020 жылғы 11-14 қараша күндері «Туған Ертіс өңірім» жобасын жүзеге асыру аясында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ бірлесіп «Ұлы даланың жеті қыры» облыстық экскурсиялық жобалар байқауы өтті.
Байқау оқушылар арасында тарихи-археологиялық қозғалысты дамыту арқылы Павлодар облысының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтауға жәрдемдесу мақсатында екі аталым бойынша өткізілді.
Қаланың жалпы білім беретін мектептері мен Орталықтың балалар бірлестіктерінің 45-тен астам оқушы өздерінің экскурсиялық жобаларын ұсынды, олардың ішінде киелі орындар бойынша туристік бағыттар, тарихи-өлкетану жолсілтемелері, туристік соқпақтар, мектеп мұражайларының тарихы, граффити және Ертіс өңірінің муралы болды. Байқаудың белсенді қатысушылары: № 9, 41, 39, 43, 24, 33, 32, 40, 5, 20, 28, КЖОМ жалпы орта білім мектептері және БЖЭТО.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табысталды. Тарихи-археологиялық қозғалыстың барлық қатысушыларын жаңа білімдерімен құттықтаймыз!