«Менің Отаным - Қазақстан»
XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-
тәжірибелік конференциясы
«Өз өлкеңді танып біл»
секция жұмысының қорытындылары
Секцияға Павлодар облысы, Павлодар қаласы білім беру ұйымдары 2 - 10 сыныптарының 14 оқушылары қатысты.
Секция жұмысы барысында туристік-өлкетану қызметін бейнелейтін жұмыстар (өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедициялары, туристік экскурсиялық маршруттары мен экологиялық соқпақтарды құрастыру) тыңдалды.
Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады: Асима Советқызы Оспанкулова - М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, Оксана Владимировна Дьяченко - Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, «Павлодар облысы бойынша спорттық бағдарлау федерациясы» ҚБ Вице-президенті, БЖЭТО жоғары санатты қосымша білім беру педагогы, Зауре Елубайқызы Сарбасова - ф.ғ.м., БЖЭТО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы, № 11, 13, 16, 20, 21, 33, 39, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ, «К. Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі» КММ тәрбиеленушілері белсене қатысты.
Секция қорытындылары бойынша конференция қатысушылары - грамоталармен, ғылыми жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды.
«Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орынды № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон, № 20 ЛМ 9 сынып оқушысы Шкленник Арина иеленді, ІІ орынды № 39 ЖОМ 2 сынып оқушысы Даниял Кульмагамбетов, № 41 ЖОМ 3 сынып оқушысы Устименко Александр, №7 арнайы мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Айсара Муритова, № 16 ЛМ 7 сынып оқушысы Тамерлан Кадыров, К. Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушісі Белозуб Иван иеленді, ІІІ орынды № 13 ЖОМ 3 сынып оқушысы Жансая Еркен, № 33 ЖОМ 7 сынып оқушысы Жанель Болатханова, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бакалу Аурика, №11 ЖОМ 8 сынып оқушысы Адина Алибек иеленді.