Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Тарих бесігі - музей» секция жұмысының қорытындылары
26-11-2020 16:22
«Менің Отаным - Қазақстан» XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы 	«Тарих бесігі - музей»  	секция жұмысының қорытындылары

                «Менің Отаным - Қазақстан»

                XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-   

тәжірибелік конференциясы

                «Тарих бесігі - музей»

                секция жұмысының қорытындылары

      2020 жылғы 26 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясы көлемінде «Тарих бесігі - музей» секциясы өз жұмысын атқарды.

      Секцияға Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептері 3 - 9 сыныптарының 6 оқушылары, қосымша білім беру ұйымының 2 тәрбиеленушілері қатысты.  

    Секция жұмысы барысында мектеп музейлерінің қызметі, тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, өлкетану экскурсиялық маршруттарын құрастыру, экскурсиятану сияқты мәселелерді қарастырған жұмыстар тыңдалды.

   Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады: Әлия Рахметжанқызы Жүнісова, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ музей ісі бойынша бас маманы, Петрович Оксана Владиславовна, Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің маманы, Ефимова Ирина Александровна, БЖЭТО «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі.

     Павлодар қаласы № 7, 9, 39, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, «К. Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» КММ тәрбиеленушілері белсене қатысты.

   Секция қорытындылары бойынша конференция қатысушылары - грамоталармен, ғылыми жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды. 

    «Тарих бесігі - музей» секциясында І орынды №39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Томирис Аулыбаева, №41 ЖОМ 9 сынып оқушысы Алина Аубакирова, К. Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі украиндық бөлімшесінің тәрбиеленушісі Саенко Марина, ІІ орынды №39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Хлущевская Божена иеленді, ІІІ орынды №9 ГМ 7 сынып оқушысы Фирюза Енсебаева, К. Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі мәдениеттану орталығының тәрбиеленушісі Нуршат Каримова иеленді.