Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Ғылымға бастапқы қадам» секция жұмысының қорытындылары
27-11-2020 16:50
«Менің Отаным - Қазақстан» XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы 	«Ғылымға бастапқы қадам»  	секция жұмысының қорытындылары

                «Менің Отаным - Қазақстан»

                XХ - шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-

             тәжірибелік конференциясы

                «Ғылымға бастапқы қадам»

                секция жұмысының қорытындылары

        2020 жылғы 27 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» XХ-шы қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми- тәжірибелік конференциясы көлемінде «Ғылымға бастапқы қадам» секциясы Zoom платформасы негізінде өз жұмысын атқарды.

      Секцияға Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы балалар бірлестіктерінің 57 оқушылары қатысты.  

      Секция жұмысы барысында экология, туризм, өлкетану бағыттары бойынша жұмыстар тыңдалды. Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады: Алия Сарсенбайқызы Молдакимова - т.ғ.к., Павлодар педагогикалық университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, Марина Владимировна Подолец - БЖЭТО әдіскері, Зауре Елубайқызы Сарбасова - ф.ғ.м., БЖЭТО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

   Секция қорытындылары бойынша конференция қатысушылары - грамоталармен, ғылыми жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды. 

   «Ғылымға бастапқы қадам» секциясында І орынды «Жасмин» балалар бірлестігінің оқушысы Ковтун Мария, «Вершина» туристік клубының оқушысы Горнунг Данил, «Родная природа» балалар бірлестігінің оқушылары Малышева Арина, Храмцова Катя иеленді, ІІ орынды «Наш сад» балалар бірлестігінің оқушысы Заирова Одэлия, «Гүлстан» балалар бірлестігінің оқушысы Асылхан Қайыржан, «Табиғат және біз» балалар бірлестігінің оқушысы Ханшайым Хамитова, «Вертикаль» туристік клубының оқушылары Софийская Анастасия, Опанасюк Дарья, «Атамекен» балалар бірлестігінің оқушысы Дүйсембі Тамирлан иеленді, ІІІ орынды «Бақшалар әлемі»  балалар бірлестігінің оқушылары Лунара Нұрмағамбет, Камила Дарибаева, Әлихан Қуандык, балалар бірлестігінің оқушысы Аружан Таукишева, «Жасмин» балалар бірлестігінің оқушысы Амина Багжанова, «Пирамида» туристік клубының оқушысы Докучаева Василина, «Бұлақ» балалар бірлестігінің оқушылары Дружинин Егор, Руслан Теміртасұлы, «Менің өлкем» балалар бірлестігінің оқушысы Алтынай Абдраимова иеленді.