Менің өлкемнің байлығы
Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 05.01.2021 жылы «Менің өлкемнің байлығы» онлайн зияткерлік-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараға 300- ден астам орталық тәрбиеленушілері қатысты. Оқушылар біздің өлкеміздің тарихын, Отанымызды даңқтаған атақты адамдардың өмірі мен шығармашылығын білу, ата – бабаларымыздан мұра еткен нағыз байлық туралы сұрақтарға белсенді жауап берді-бұл біздің салт-дәстүрлеріміз. Біздің жеріміз өзінің табиғаты, тарихы, ұлттық нақышы жағынан бірегей. Біз, бәріміз бірге, осы байлығымызды қорғауымыз керек.