Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өз жеріңді танып біл
31-03-2021 18:10
Өз жеріңді танып біл

Өз жеріңді танып біл

       Ата-бабаларының рөлі мен ұрпақтар тізбегіндегі өз орнын сезінетін және туған жер тағдырын өз тағдыры ретінде қабылдайтын отансүйгіш азаматты тәрбиелеуге бағытталған құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Туған Ертіс өңірім» қалалық жобасын іске асыру көлемінде Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2021 жылғы 26-31 наурыз күндері аралығында «Өз жерінді танып біл» туған өлке жас білімпаздарының қашықтан қалалық турнирі өтті.

       Турнир № 28, 19, 40, 7, 5, 38, 36, 16 ЛМ, КЖОМ, Жетекші ЖОМ мектептерінің  3–4 сынып оқушылары мен орталықтың тәрбиеленушілерінен құралған 15 команда арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.

    Павлодар қаласы мен Павлодар облысының тарихын, табиғаты мен табиғи байлықтарын, туған өлкенің экономикасын, облысымыздың атақты адамдарын, ұлттық ойындарды білуге арналған турнир кезеңдері әр түрлі болды. Әр команда өзінің «Таныстыру» ұсынды.

    Барлық турлардың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: мемлекеттік тілде: 1 орын - № 19 ЖОБМ, Жетекші ЖОМ командалары иеленді; 2 орын – № 7 ЖОББМ, № 40 ЖОМ командалары иеленді; 3 орын – № 28 ЖОББМ, КЖОМ, БЖЭТО командалары иеленді. Орыс тілінде: 1 орын – № 36 ЭБЖОБББМ, № 5 ЖОМ командалары иеленді; 2 орын – БЖЭТО, № 40 ЖОМ, № 38 ЖНМ командалары иеленді; 3 орын – № 16 ЛМ, № 28 ЖОББМ, Жетекші ЖОМ командалары иеленді. Біздің қатысушыларды құттықтаймыз!