Орталық басшылығы ҚР БҒМ РҚБОӘО алаңшасында онлайн үлгісінде өткен туристік-өлкетану бағыттында балаларға қосымша білім берумен айналысатын қосымша білім беру ұйымдары басшыларының республикалық Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс барысында 2019-2025 жылдарға арнлаған ҚР туристік саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын әрі қарай іске асыру, туристік кадрлардың біліктілігін арттыру, «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы, «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слеті республикалық шараларына дайындалу сұрақтары қарастырылып, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының туризмді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен танысты.
Кездесу туристік-өлкетану бағыттағы қосымша білім берудің көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасумен тәмамдалды.