Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жасыл әлем» аймақтық акция
15-05-2021 00:34
«Жасыл әлем» аймақтық акция

«Жасыл әлем» аймақтық акция

    Оқушыларды аймақтың жасыл қорын қорғау және сақтау жөніндегі қызметке тарту, өсімдіктерді отырғызу және оларға күтім жасау бойынша тәжірибелік дағдыларды игеру мақсатында 2021 жылғы 12. 04 – 13. 05. аралығында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп «Жасыл әлем» аймақтық қашықтық акциясын ұйымдастырды.

    Акцияға Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің 3500-ден астам оқушылары қатысты: № 9, 16, 40, 35, 36, Жетекші ЖОМ, БЖЭТО және аудандар: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Успен, Тереңкөл, Ертіс, Май, Павлодар.

   Акция шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді: қорық аумақтарын, саябақтарды, скверлерді көгалдандыру және жинау, Ертіс өзенінің жайылмасын тазарту, мектеп жанындағы аумақты жинау, көшеттерді отырғызу, кабинеттер мен вестибюлдерді көгалдандыру, тақырыптық әңгімелер өткізу, үгіт материалдарын шығару.

    Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 1 орын – № 1 Железин ЖОМ, 2 орын –№ 3 Железин ЖОМ, Ертіс ауданының Ұзынсу ЖОМ, 3 орын – № 2 Железин  ЖОМ, Май ауданының Ақжар ЖОМ, Павлодар қ. № 40 ЖОМ, БЖЭТО.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!