Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Саябақтар шеруі» акциясы
21-05-2021 12:17
«Саябақтар шеруі» акциясы

«Саябақтар шеруі» акциясы

      «Үнем-қоғам қуаты» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы ұйымдастырған «Саябақтар шеруі» қашықтан қалалық акциясының қорытындысы шығарылды. Акцияның мақсаты: экологиялық және табиғатты қорғау қызметін насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау. «Табиғат үшін бәрі маңызды!» аталымында оқушылар саябақтар, скверлер, мектептер мен аулалар аумағын көгалдандыру және тазарту, жылыжайлар, мектеп жанындағы учаскелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы бейнероликтер ұсынды. «Қорықтық табиғат әлемі» аталымында біздің өлкеміздің жануарлары, өсімдіктері, табиғи қауымдастықтары бейнеленген түрлі-түсті балалар суреттерімен ашылды. Акцияға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7-ден 17 жасқа дейінгі 2 000-нан астам оқушысы қатысты № 5, 9, 11, 14, 15, 16, 23, 25, 27, 34, 35, 39, 41, 43, Б. Момышұлы, Әлімбаев атындағы ЖОМ.

   Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді. «Табиғат үшін бәрі маңызды!» аталымында 1 орын - Соловьев Илья, № 23 ЖОМ; 2 орын -ұжымдық жұмыс 2 «Б» сынып, № 25 ЖОМ; 3 орын - ұжымдық жұмыс 2 «Д» сынып, № 39 ЖОМ, № 11 ЖОМ; Саликов Алинур, № 25 ЖОМ.

       «Қорықтық табиғат әлемі» аталымы бойынша» 1 орын – Абсолямова Адия, № 25 ЖОМ, Касымов Тагир, № 39 ЖОМ, Сидоренко Римма, № 41 ЖОМ, Рабкова Ольга; 2 орын – Мукышева Данель, № 16 МЛ, Сартай Кәусар, № 25 ЖОМ, Мечин Давид, № 39 ЖОМ, Шеляг Карина, № 27 ЖОМ, Устименко Ксения, № 41 ЖОМ, Миронова Алина, Әлімбаев атындағы ЖОМ; 3 орын – Ержанова № 25 ЖОМ, Низамутдинова Сафина, № 34 ЖОМ, Таскен Айсұлтан, № 25 ЖОМ, № 14 ЖОМ, Белоцерковец Дарья, № 43 ЖОМ, Писаревская Кира, № 43 ЖОМ ұжымдық жұмыс.

       Лайықты марапаттармен құттықтаймыз!