"Ертіс өңірінің көне киелі нысандары" атты көшпелі туристік-өлкетану тәжірибесі
Павлодар облысының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтау мақсатында, оқушылар арасында туристік-өлкетану қозғалысын дамыту арқылы экология және туризм орталығының жас өлкетанушылары 2021 жылғы 1 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған "Ертіс өңірінің көне киелі нысандары" атты көшпелі туристік-өлкетану тәжірибесіне қатысты. Тәжірибе бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар өткізілді: Екібастұз қаласының тарихи-өлкетану мұражайына, рухани ағартушы Исабек Ишанның кесенесіне бару. Аталған іс-шара оқушылардың тарихи-өлкетану бағытындағы зерттеу қызметін дамытуға ықпал етеді.