2021 жылғы 24 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» оқушылар XХІ –ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ZOOM платформасы арқылы «Өз өлкеңді танып біл» секциясы өз жұмысын аяқтады. Крнференция Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы " КМҚК бірлесіп өткізілді. Секцияға Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарының 31 оқушысы қатысты. Секция қорытындысы бойынша келесі оқушылардың жобалары атап өтілді: 1 орын - Қабыкен Байнұржан, Баянауыл ауданы Д. Рахметов ат. ЖОМ; Шарипова Адель, Железин ауданы № 2 НОМ; 2 орын - Сулейменова Альвина, Сулейменова Адия, Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға арналған гимназия; Жұмаділ Әлихан, Павлодар қаласының ОККЛИ ; 3 орын - Султанбеков Бекзат, Павлодар қаласының ЖОББГМ №9; Готфрид Артур, Павлодар қаласының №17 ЖОББМ;. Зубарева Камила Ақтоғай ауданының Абай ат. ЖОМ.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» қашықтан оқушылар XXI-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы