2021 жылғы 26 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» оқушылар XХІ –ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ZOOM платформасы арқылы «Ғылымға бастапқы қадам» қорытынды секциясы өз жұмысын аяқтады.Конференция Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК бірлесіп өткізілді.
Секцияға Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарының 28 оқушысы қатысты.
Секция қорытындысы бойынша келесі оқушылардың жобалары атап өтілді: 1 орын – Ягала Глеб, «Гүлстан» б/б; Игнатченкова Анастасия, «Әлем» б/б; Колчина Светлана, «Азимут Кенжекөл» т/к; 2 орын - Моторина Диана, «Гүлстан» б/б; Дүйсенбі Әділ, «Атамекен» б/б; Уалиева Алина, Храмцова Екатерина, «Родная природа» б/б; Султанбеков Бекзат, «Бұлақ» б/б; 3 место - Михайлова Марлен, Какухина Карина, «Юный краевед» б/б; Хамитова Ханшайым, «Табиғат және біз» б/б; Чугреев Максим, «Юный цветовод» б/б; Степанова Елена, «Азимут Кенжекөл» т/к.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» қашықтан оқушылар XXI-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы