«Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық семинары
Бүгін «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК «Павлодар қаласының білім бөлімі» ММ бірлесіп, «Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Павлодар қаласы және Павлодар облысының оқу орындарынан 50-ден астам педагогтер «Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру», «Экологиялық білім беру: идеядан іске асыруға дейін», «Жобалық әрекет зерттеу дағдыларын дамыту тәсілі ретінде» сұрақтары бойынша практикалық ұсыныстар алды, сонымен қатар "Ландшафты дизайн. Мектеп алаңын абатандыру", "Экологиялық соқпақ балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу құралы ретінде" шеберлік-сыныптарына қатысты.Семинардың рефлексиясы бүгінгі жұмыс барысында алынған материал педагогтарға одан әрі жұмыс істеу үшін де, сондай-ақ өздігінен білім алу деңгейін арттыру үшін де қажет екенін көрсетті. Соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алғыс сөздерін айтты.
Білім бөлімі дәріс берушілер мен семинар қатысушыларына сертификаттар табыс етті.