«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар, табиғатты зерттеушілерінің республикалық форумы
Балалар – жасөспірімдер экология және туризм орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп, 12-13 мамыр күндері «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар, табиғатты зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңін өткізді.
Форум алты номинация бойынша өтті: «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы», «ZhasylEl», «Eko-Bolashak», «GREEN OASES», «Экотеатр», «Туған өлке бояулары», мұнда қатысушылар өздерінің жобаларын, макеттерін, бейнероликтерін, спектакль қойылымдарын ұсынды.
Форумға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Аққулы, Тереңкөл, Павлодар, Ақтоғай, Шарбақты, Ертіс, Баянауыл, Железин, Май, Успен аудандарының, облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің, қосымша білім беру ұйымдарының 150-ден астам оқушылары қатысты.
Форумнің нәтижелері 16 мамырда ZOOM алаңында жарияланады.