Су жорықтары
С. Н.Агалаковтың басшылығымен 13 адамнан тұратын "Павлодар" құрама командасы ("СЮТур" БАК "Вершина" және "Пирамида" туристік клубтары) Сырдария өзені (Түркістан облысы) бойынша 1 күрделілік санатындағы су жорығын аяқтады. Балалар 9 күнде 140 шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Бұл экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері үшін өзен бойындағы алғашқы тәжірибе. Балалар маршрут кезінде көптеген сынақтардан өтті: ыстық күн, бұршақты нөсер, қатты ағыммен жұмыс, жақсы сәттер, қызықты эмоциялар мен жағымды шаршау. Бүгін кешке топ туған Ертіс өңіріне пойызбен аттанады.