Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Менің Отаным - Қазақстан" туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық слетінің облыстық кезеңі
17-08-2022 16:50
Бүгін, 17 тамыз күні Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында "Менің Отаным - Қазақстан" туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті. Слеттің басты мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру арқылы балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу.
Ақсу, Шарбақты ауданы, БЖЭТО және Кенжекөл ауылынан 4 команда үш блокта жарысты: өлкетану, туристік және шығармашылық.
Бірінші өлкетану блогында балалар "Халық дәстүрлері, әдет-ғұрпымен мәдениет", "Туризм-спорт, денсаулық, демалыс", "Өшпес жұлдыздар", "Туған өлке соқпақтары" бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарының жобаларын ұсынды. 9 жобаның ішінен БЖЭТО командасынан (Павлодар қ. № 39 ЖОМ оқушысы) Томирис Аулыбаеваның "Павлодар қаласының туристік жолсілтемесі" жобасы үздік деп танылды.
Екінші туристік блокта қатысушылар туристік техника мен тактика элементтерін, бағдарлауды, топографияны, алғашқы көмек көрсетуді, тауға өрмелеуді және түйіндерді тоқуды қамтитын кедергілер жолағынан тұратын қашықтықтан өтті.Үздік нәтижені Павлодар балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының ("СЮТур" БАК) командасы көрсетті.
Соңғы шығармашылық блокта командалар бард әнін орындауда жарысты. Мұнда отбасылық үлгідегі Кенжекөл ауылының туристеріне тең келер ешкім болған жоқ.
"Менің Отаным - Қазақстан" туристік экспедициялық отрядтарының республикалық слетінің облыстық кезеңінің барлық қатысушылары мақсатқа жетудегі командалық ұйымшылдық пен бірлікті көрсете отырып, барлық сынақтардан лайықты өте алды.