Жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша ҚР Кубогы және оқушылар арасында ҚР турнирі
20-25 қыркүйек күндері аралығында Щучье курорттық аймағында, Бурабай табиғи паркінде жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша ҚР Кубогы және оқушылар арасында ҚР турнирі өтті. Жарысқа Қазақстанның тоғыз өңірінен: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Астана, Алматы қалаларынан келген барлығы 196 спортшы қатысты. ҚР Кубогы жарыстарының бағдарламасында үш қашықтық болды: "Орташа"," Ұзын","Спринт". Оқушылар арасындағы ҚР турнирінің бағдарламасына ең қызықты қашықтық – "Эстафета"қосылды. Жарыстар әр түрлі жас санаттары бойынша жеке біріншілік ретінде, ұлдар мен қыздар бөлек өткізілді. ҚР Кубогында және ҚР турнирінде Павлодар облысының намысын "Вертикаль" туристік клубының тәрбиеленушілері және жетекшілері, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогтары О. В. Дьяченко және С. В. Кремер қорғады.
Спорттық бағдарлау бойынша ҚР кубогы жарысының қорытындысы бойынша: "Орта" қашықтығында Кузина Лучезара W12 тобында - 3 орын, София Анастасия W16 тобында – 2 орын, Дьяченко Оксана W45 тобында - 2 орын. "Ұзын" қашықтығында: Кузина Лучезара W12 тобында - 3 орын, Комлева Анастасия W16 тобында – 3 орын, Кремер Сергей М45 тобында-3 орын. "Спринт" қашықтығында: Виткова Дарья W16 тобында-2 орын. ҚР Кубогының жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Мәдениет және спорт министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша оқушылар арасындағы "Орта" дистанциясында: Кузина Лучезара W12 тобында – 3 орын, София Анастасия W16 тобында – 3 орын. "Ұзын" қашықтығында: Кузина Лучезара W12 тобында - 3 орын, Комлева Анастасия W16 тобында-3 орын. "Спринт" қашықтығында: Виткова Дарья W16 тобында-3 орын. Қыздар арасындағы эстафетада Павлодар облысының командасы (Козель Елизавета, Кузина Лучезара, Блоха Алина) 3 орын алды. Турнирдің жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық-практикалық дене шынықтыру орталығы" медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Жалпы алғанда - 15 диплом және 8 медаль!
Біздің жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!