"Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары" көшпелі туристік - өлкетану практикумы
"Туған жер" бағдарламасын іске асыру аясында Экология және туризм орталығының жас өлкетанушылары Республика күнін мерекелеуге орайластырылған "Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары" көшпелі туристік - өлкетану практикумына қатысты.Тәрбиеленушілер қазақ ақыны, ойшыл, тарихшы, рухани ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұражайы мен кесенесіне барды. Бұл іс-шара тарихи-өлкетану бағытындағы оқушылардың зерттеу қызметін дамытуға ықпал етеді.