Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» оқушылардың XХІI-ші аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы.
10-12-2022 12:03

         

                             

«Менің Отаным - Қазақстан»  оқушылардың  XХІI-ші аймақтық  ғылыми – тәжірибелік конференциясы.

 

28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы»  КМҚК базасында  туған өлкені практикалық тануға, қоршаған табиғатпен, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысуға бағытталған, «Менің Отаным-Қазақстан» оқушылардың ХХІІ-ші аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараның ғылыми-практикалық бағыты қазіргі уақытта оқушылар ортасындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтың артуымен түсіндіріледі.

Конференция бейнеконференция режимінде ZOOM Интернет-платформасы арқылы өткізілді.

Павлодар облысының 3 қаласы мен 9 ауданының білім беру ұйымдарынан 5 секцияда 260-тан астам оқушы өз жобаларын қорғады.

«Экология және біз» секциясында балалар іргелес аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыс тәжірибесінен өңірлік экологиялық проблемаларды шешуге практикалық үлесін көрсететін жұмыстарды, мектеп орманшылықтарының, экологиялық отрядтардың жұмысын, сондай-ақ табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС, экологиялық соқпақтарды әзірлеу саласындағы зерттеулерді ұсынды.

«Зерттеу жұмысы» - байқаулардың, тәжірибелердің, эксперименттердің, зерттеулердің нәтижелерін қамтитын жұмыстар қатысқан секция.

Туристік - өлкетану қызметін, өлкетану және археопалеонтологиялық, этно - экспедицияларды, туристік экскурсиялық маршруттарды көрсететін жұмыстарды «Өз өлкеңді  танып біл» секциясына қатысушылар таныстырды.

Мектеп мұражайларының қызметі, тарих және мәдениет ескерткіштерін зерделеу, өлкетану экскурсиялық маршруттарын әзірлеу, экскурсоводтар «Тарих бесігі – мұражай» секциясында көрсетілген.

«Ғылымға бастапқы қадам» атты соңғы секцияда орталықтың балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері БЖЭТО (экология, туризм және өлкетану) қызметінің бағыттары бойынша зерттеу жобаларын ұсынды.

Қатысушылардың жобаларын құрамына «Ертіс» музейінің жетекшісі Г.М. Алиева, М. М. Катаев атындағы  облыстық Оқушылар сарайының әдіскері. А. А. Оразбаева, Павлодар технологиялық колледжінің оқытушысы С. С. Маусумбаев, Тереңкөл ауданы Осьмерыжский ЖОББМ басшысы М. В. Подолец, Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері М. Г. Садықова, Қазақстанның Скауттық қозғалысы Қауымдастығының өкілі М. А. Кравченко, Павлодар Дарыны әдіскері С. Б. Аргынова, ППУ мұражай қорларының сақтаушысы А.О. Абдрахманова, БЖЭТО ЭБК меңгерушісі Боровикина С. М. және «СЮтур» БАК меңгерушісі И.А. Ефимова енген қазылар алқасы бағалады.

Биылғы жылы үш жас тобы бойынша конференция қорытындысы шығарылды: бастауыш, орта және жоғарғы буын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!