Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тәжірибені жинақтау жөніндегі қалалық Сараптамалық кеңесі
29-03-2023 16:26
 Тәжірибені жинақтау жөніндегі қалалық Сараптамалық кеңесі
"Павлодар қаласының білім бөлімі" ММ жұмыс жоспарына сәйкес 29 наурыз күні БЖЭТО КМҚК базасында  «Экология, туризм және өлкетану бағыттары бойынша қосымша білім беру мазмұнын жаңарту» БЖЭТО МКҚК 2019-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша тәжірибені жинақтау жөніндегі қалалық Сараптамалық кеңес өтті.
Сараптамалық кеңестің жұмысына: "Павлодар қаласының білім бөлімі"  ММ басшысының кеңесшісі Гүлсина Шайдуловна Шиндлярская, Павлодар облысы бойынша "Өрлеу" филиалының директоры Роза Дүйсенқызы Әшімбетова, қосымша білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдіскерлері және Орталықтың әлеуметтік серіктестері қатысты.
Сараптамалық кеңестің жұмысы БЖЭТО басшысы Темірова Жанна Қайыргелдіқызының "Білім беру үдерістерін басқарудың тиімділігі: әлеуеті, тәжірибесі, келешегі" тақырыбындағы баяндамасынан басталды.
Экология, туризм және өлкетану бағыттары бойынша Бағдарламаны іске асыру нәтижелері: «Музей педагогикасы-жаңа мүмкіндіктер уақыты», «Экологическое воспитание: от идеи до реализации», «Медиа-проекты в детско-юношеском туризме», «Летняя Quilt –платформа. Каникулы с пользой».  тақырыптарда баяндалды.
Шеберлік - сыныптарда Орталықтың қосымша білім беру педагогтары ұсынған жинақталған практикалық тәжірибе білім беру қызметінде жоғары бағаға ие болды.
Экологиялық-ботаникалық кешен, жылыжай және мұражай бойынша экскурсиялық серуен қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сараптамалық кеңес жұмысының  ұйымдастырылуы және мазмұны қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Соңында Бағдарлама бойынша жұмыс тәжірибесін, облыстық және республикалық деңгейлерде жалпылау ұсынылды