Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным Қазақстан» Республикалық туристік экспедиция жасақтары слетінің облыстық кезеңі өткізілді
04-05-2023 16:55
«Менің Отаным Қазақстан» Республикалық туристік экспедиция жасақтары слетінің облыстық кезеңі өткізілді

2023 жылдың 4 мамыр күні «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» КММ ұйымдастыруымен, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МКҚК-мен бірлесіп, «Менің Отаным Қазақстан» Республикалық туристік экспедиция жасақтары слетінің облыстық кезеңі өткізілді. Слетке облыстың 9 білім беру ұйымының 9 командасы қатысты. Олар: Тереңкөл ауданынан Бобровка орта мектебі, Железин ауданынан М. Дулатұлы атындағы № 3 орта мектебі, Ақсу қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы Мамандандырылған дарынды балаларға арналған гимназия” КММ, «Ақсу» балалар эко-техноорталығы» КМҚК, «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, Баянауыл ауданынан Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаты, “Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ, «Балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей»қатысты.
Туристік блок бойынша «Туристік кедергілер жолы» номинациясы бойынша: I орын – БЖЭТО командасы, II орын – Ш.Уалиханов атындағы Ертіс жалпы орта білім беру мектебі, ІІІ орын – Қ. Сәтпаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия командасы иеленді. «Жартасқа өрмелеу» - 1 орын - БЖЭТО, 2 орын - Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты, ІІІ орын – Тереңкөл ауданы, Бобровка орта мектебі. ( Қалған номинациялар қорытындысы келесі пост соңында болады) «Туристік әндер байқауы» шығармашылық блогы бойынша: I орын – Ахметзянова Найля (БЖЭТО), II орын – Овечкин Станислав (Кенжекөл ауылынан отбасы үлгісіндегі балалар ауылы), III орын – Асанбай Жадыра (Қ.Сатпаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия). Өлкетану блогында «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар және өнер»номинациясында: 1 орын – Канаш Ернұр ( Ш.Айманов атындағы Баянауыл мектеп-интернаты), II орын — Жиенхан Сая (Қ. Сәтпаев атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған гимназиясы), ІІІ орын — Умирбек Сымбат (М. Дулатұлы атындағы №3 орта мектеп, Железин ауданы); «Туризм – бұл спорт, денсаулық, демалыс» номинациясында: 1 орын – Воробева Екатерина (БЖЭТО), 2 орын – Өмірбек Көркем (Железин ауданы, М.Дулатұлы атындағы No3 орта мектеп), 3 орын - Сәрсенбай Нұрсая (Ш. Айманов атындағы Баянауыл мектеп-интернаты). Слет қорытындысы бойынша жалпы командалық 1-орынды Павлодар қаласы, БЖЭТО командасы иеленді, 2 орын –Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаты, 3 орын - Ш.Уалиханов атындағы Ертіс жалпы орта білім беру мектебі иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!!! Алдағы уақытты тек сәттілік тілейміз!!!