Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Демалыс күні лагері
26-06-2023 10:38
Демалыс күні лагері
Демалыс күні лагері 
 
“PHENOMENON.ЖАЗ@PVL”жазғы жобасы аясында бүгін балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының аумағында не болғанын елестете де алмайсыздар! Сүйікті «ӨМІРДЕ КАЛУ МЕКТЕБІ” демалыс күні лагері өз жұмысын бастады. Павлодар қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен ата-аналары қатысты. Қызықты шараларға  қатысу барысында, қатысушыларға жеңіл болу үшін орталық туралы бейнефильм көрсетілді. “Экскурсиялық променад”бойынша 200-ден астам экзотикалық өсімдіктер өсетін «Таңғажайып ауламызда!» жылыжайы арқылы өтетін экскурсиялық серуен жай ғана таң қалдырмады. Қаладан шықпай-ақ, экзотикалық елдердегі өсімдіктерді өз көзімен көруге мүмкіндігімен тағы кім мақтана алады? Ал экскурсаводтардың әңгімесі біз білетін және жақсы көретін өсімдіктерге деген қызығушылықты арттырады. Біздің «Жас эколог» мұражайында «Жер ғаламшарының таңғажайып әлемі», сонау ертеде бізбен бірге өмір сүрген ежелгі жануарлар мүсіні орналасқан. Ал «Табыстың шыңына» өрмелеу қабырғасындағы шеберлік сабағы сізге тау беттерін бағындыру жайлы шешім қабылдауға көмектеседі. Ал шайды кім жақсы көрмейді? Табиғат аясындағы отбасылық шеңбердегі фито шай - бұл қызықты және өте пайдалы. Қонақтарымыздың әрқайсысы <TERRITORY - ECO» квест барысында өздерінің шығармашылық және ойлау қабілеттерін көрсетті. Орталықтың атынан барлық қатысушылар мақтау қағаздармен марапатталды. Әр қатысушыға белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық табыс тілейміз. Келесі кездескенше!