Экология және туризм орталығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысы бойынша құрылымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Рак Василий Григорьевич – облыстық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, Ольга Леонидовна Николашина – облыстық аналар кеңесі төрағасының орынбасары, Айман Еркінқызы Жанкаринова – «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары , Оксана Владиславовна Петрович – талдау-әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Жақанова Динара Орынбасарқызы – «Қоғамдық келісім» КММ аналитикалық және әдістемелік жұмыс бөлімінің маманы. Балалар ортасында қорлау, бұзақылық, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы отбасының маңызы сияқты өзекті мәселелерді талқылауда тәрбиеленушілер белсене қатысты. Шараға орталықтың 70-тен астам тәрбиеленушілері қатысты.
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» дөңгелек үстелі