"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Бүгінгі таңда оқушылар арасында балалардың бір-біріне қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өте шиеленісе түсті. Соңғы жылдары
мектептегі буллинг сияқты құбылыс кеңінен тарауда.
Экология және туризм орталығында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны аясында "Тоқта, буллинг!» тренингі өткізілді. Қатысушылар буллингтің түсінігі, үлгілері мен құрылымы, буллингтегі әлеуметтік рөлдерімен және олардың мінез-құлық стилдерімен танысты. Жаттығулар арқылы құрдастарына жанашырлық танытуды үйреніп, қиын жағдайдан шығу жолдарын табу қабілетін дамытты. Жауапты және қауіпсіз мінез-құлықтың ықтимал нысандарын талқылады.
Тренингке қатысушылардың үлкен қызығушылығын тұлғааралық өзара іс-қимыл жаттығулары тудырды: "Иә\Жоқ", "Арқадағы сурет", "Шеңбердегі арқан", шығармашылық тапсырмалары "Коллаж" "Агрессордың келбеті".