Балалар- жасөспірімдер экология және туризм орталығында Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған «Әнім, жырым саған- туған ел» атты қалалық патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға қаланың білім беру ұйымдарының 100-ден астам оқушысы қатысты. «Жеке орындау» номинациясы бойынша І орын - Умиева Султана («Жас толқын» БЖК), Ландарь Ева (№11 ЖОББМ), ІІ орын - Саденова Аружан (№35 ЖОББМ), Галимова Алуа («Жас толқын» БЖК), ІІІ орын - Рахим Інжу (Б. Момышұлы ат.ЖОББМ), Мурзабаев Әділ (№14 ЖОББМ), Шалимов Артур ( М.Әуезов ат.ЖОББМ), Омербаев Дильшат (А. Шамкенов ат. ЖОМГ). «Дуэт» номинациясы бойынша І орынды - Каришев Мирхат, Сапаргелді Саида (Б. Момышұлы ат. ЖОББМ), ІІ орын - Ертысбаева Аружан, Болтаев Бақберген (№35 ЖОББМ), ІІІ орын - Бертебаева Наргиза, Бахтиярова Адель (№41 ЖОББМ), Букаева Сахми, Русланова Айша (№37 ЖОББМ). «Вокалды топ» номинациясы бойынша І орынды «Бельканто» вокалдық-хор студиясы (ҰЖМ КММ), ІІ орынды - Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ «Әуен» вокалдық тобы, ІІІ орынды – «Қ. Қасымов атындағы мәдениет үйі» МКҚК «ДО РЕ МИ» және № 35 ЖОББМ «DosStar» вокалдық тобы иеленді. Іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімі" РММ ерекше алғыс білдіреміз. Байқаудың барлық қатысушылары үшін нағыз сарбаз ботқасы дайындалды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!
«Әнім, жырым саған- туған ел» атты қалалық патриоттық әндер байқауы