
Бүгін Яндекс телекөпір алаңында Экология және туризм орталығының негізінде "Қосымша білім беруді іске асырудың үздік практикалары: тәжірибе, перспективалар" тақырыбында халықаралық вебинары өтті. Вебинардың ұйымдастырушылары: "Павлодар қаласының білім беру бөлімі" ММ, "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы" КМҚК және "А. М. Төлеев атындағы Кузбасс өңірлік кәсіптік білім беруді дамыту институты" МБУ. " қатысты. Вебинардың жұмысын пленарлық бөлім ашты, оған ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, Павлодар облысының білім басқармасының, Павлодар қаласының білім бөлімінің, А.М. Төлеев атындағы Кузбасс өңірлік кәсіптік білім беруді дамыту институты, Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Павлодар география үйі, Новосибирск қаласы Совет ауданының балалар шығармашылығы орталығының өкілдері қатысты
Пленарлық бөлімнен кейін вебинар жұмысын "Экология", "Туризм және өлкетану"секциялары жалғастырды. Вебинарда РФ - Кемерово, Кузбасс, Новосибирск, Барнаул, Қазақстанның - Орал, Павлодар қалаларынан, Қызылорда және Павлодар облыстарынан спикерлер сөз сөйледі. Вебинарға қатысушылар экологиялық және туристік - өлкетану қызметін ұйымдастыру бойынша тиімді тәжірибелерді ұсынды. Вебинар қорытындысында жұмыстың жемістілігі, сындарлы диалог және тиімді өзара ынтымақтастық атап өтілді!