Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Экологиялық-ботаникалық кешенінің мысалында оқу-тәжірибелік аумағының жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар" тақырыбы бойынша облыстық семинар
14-05-2025 15:57
Экологиялық-ботаникалық кешенінің мысалында оқу-тәжірибелік аумағының жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар

14 Мамырда экология және туризм орталығында "Павлодар облысының білім беру басқармасы" ММ-мен бірлесіп "БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешенінің мысалында оқу-тәжірибелік аумағының жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар" тақырыбы бойынша облыстық семинары өтті. Семинар мектеп аумағын абаттандыруда биология, география, технология мұғалімдеріне, тәрбиешілерге, мектеп жанындағы учаскелердің жетекшілеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Семинар аясында келесі сұрақтар ұсынылды: "Экологиялық акциялар-үздік жасыл бастамалар", "Жасыл желек" білім беру жобасын іске асыру, "Ғылыми жобалар мен тәжірибелік жұмыстарды әзірлеуге инновациялық тәсіл", "Мектеп жанындағы аумақты оқушыларды экологиялық тәрбиелеу құралы ретінде", "Өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғаудың биологиялық әдістері", және сондай-ақ "Мектеп жанындағы аумақтың ландшафтты дизайн жобасын құру" және "Көгалдандыруда бөлме өсімдіктерін қолдану"шеберлік-сыныптары өткізілді. Семинар жұмысына 95-тен астам адам қатысты. Қатысушылар семинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.