6 мен 12 мамыр аралығында Іле өзенінің бойындағы Тамғалы-Тас шатқалында «Іле-2025» атауымен Қазақстан Республикасының табиғи жер бедеріндегі туристік көпсайыс чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар үш жас санаты бойынша жарысты: «Ересектер», «Жасөспірімдер» және «Жас балалар».
Павлодар облысының намысын ДДК СЮТУР туристік клубтары қорғады:
«Искра» – жетекшісі Кенжин Рустам Айтанұлы,
«Павлодар» құрамасы – жетекшілері Агалаков Сергей Николаевич, Ридзаускас Владислав Юрьевич және Ридзаускене Ирина Валерьевна.
Чемпионат қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
«Домбай байламдары» қашықтығы:
I орын – Имангазина Аяулым, Звонковская Елизавета («Искра»),
Командалық III орын – «Искра» клубы;
«Каньон арқылы өту» қашықтығы – командалық III орын («Искра»);
«Байламдар» қашықтығы:
«Жас балалар» жас санаты – Тренин Александр / Бартель Давид – III орын («Павлодар»);
«Жасөспірімдер» жас санаты – Азиза Булатова мен Фисак Даниил II орынды иеленіп, спорт шеберлігіне кандидат (КМС) нормативін орындады («Павлодар»). Тәрбиеленушілерімізді және команда жетекшілерін лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!
