Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Аңыздар жолдарымен…»
07-07-2011 10:52
«Аңыздар жолдарымен…»

 

«Аңыздар жолдарымен…

  2011жылдың 29 маусым-1 шілде аралығында   таңғы  сағат 8- де біздер, МҚКК«Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» орталығының ұстаздары және оқушылары «Менің Отаным Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен Павлодар облысы  Баянауыл  ауданының Торайғыр  ауылына «Аңыздар  жолдарымен...» атты туристік-өлкетану практикумына жол  сапарға шықтық.

Торайғыр ауылына келісімен, бір топ бала палатка құрумен айналысты, екіншілер су,ағаш әкелді,ал қыздарымыз түскі тамақ әзірлеуге кірісті. Тамақ ішкен соң, бір топ Сарбасова З.Е , Сарбасова С.Е, Татиева Д.Н жетекшілігімен  Торайғыр ауылы бойынша, мектеп мұражайына  эксурсияға шықты, ал екінші топ Ольга Анатольевнаның басқарумен  жартастарға өрмелеуге кетті.

 Қайта Оралған соң кезекшілік орнатылып, кешкі асқа кірістік. Кейін біздің және ауыл бабаларымен танысу кеші өтті.Спорттық іс шаралар ұйымдастырылып волейбол,футбол ойнадық. Кеш батқан соң  от жағалауында отырып  өз пікірлерімен алмасты.

Екінші күні таң ата от жалынында пісірген таңғы ас ішіп болған соң  мектеп автобусымен Қоңыр Әулие үңгіріне  жол сапар шықтық. Жол жөнекей  Роза Темірбекқызының айтуы бойынша, аңыз әңгімелерін тындадық.Қоңыр Әулие үңгірі жайындағы ұзақты күн айтылатын аңыз желісі қызықтырған күйі тау басына өрмелеген жалғыз аяқ сүрлеу сұлбасымен жоғары көтерілген жүргінші үзілмейді, әлемнің әр шалғайынан өз ғажайыбымен ерекшеленер үңгірлер қанша... Десек те Тасқа біткен үңгір – «Қоңыр әулиені» адам баласы ерте заманнан кие тұтады. Қазірде көпшіліктің қасиетті жер санап, жиі баратын орындарының біріне айналуда.

Қайта жолда біз Жасыбай көлінен Торайғыр көліне дейін жаяу жорыққа шықтық.Жолда бізге демалушылар кезікті, дала жидегін де жинадық. Осымен біз өз орнымызға да жеттік. Тамақ ішіп болған соң,от жағалауында жиналып күні бойы көрген, естігендерімен алмасты.Осымен күн өтті, түн батты.Келесі күні  ақырғы жиын күні де жетті.

Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар.

Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай.

Сондықтан осындай көрікті,қасиетті жерлерімізді сақтап, мақтан етейік...

 

 

Өткізу үшін жауапты: «Экотуризм және өлкетану» бөлімі