«ECO#TERRITORY» жазғы жоба
Бүгін экология және туризм орталығы «ECO#TERRITORY» жазғы жоба бойынша өз жұмысын бастады. Алғашқы қонақтарымыз болып Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі мен № 39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар ЖОББМ оқушылары болып қайтты. Балалар өз күштерін өрмелеу алаңы мен туристік-жаттықтыру соқпағында сынап, экологиялық-ботаникалық кешені аумағы бойынша экскурсияға қатысты.
