«Парктар шеруі – 2025»
Экология және туризм орталығы үшін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні ерекше мереке.
Биыл ол «Парктар шеруі – 2025» республикалық экологиялық акциясының жабылуымен тұспа-тұс келді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағының негізінде Орталық «Ертіс орманы» МОТР РММ-мен бірлесіп «ЕСО стиліндегі өмір» іс-шарасын ұйымдастырды.
Оның аясында: квест-ойыны, шеберлік - сыныптары, «Менің туған өлкем» суреттер көрмесі, экологиялық шеру өтті. Іс-шарамен өңірдің білім беру ұйымдарының 200-ден астам білім алушылары қамтылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ грамоталарымен және БЖЭТО тәтті сыйлықтарымен марапатталды.
