"Гүл қантатасы"
Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің білім алушылары "Гүл қантатасы" атты шеберлік-сыныбына қатысып, ландшафтты дизайнның қыр-сырымен танысты. Шара барысында олар гүлдерді үйлесімді орналастыру, түс пен пішін үйлесімділігі, табиғи материалдарды тиімді пайдалану жолдарын үйренді. Бұл шеберлік-сынып оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға себепші болды. Сонымен қатар, олар өсімдіктердің сәндік қасиеттері мен күтімі жайлы да пайдалы ақпарат алды.
