Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы және демеушісі — «Сайга» дүкені болды.
Күннің бірінші жартысында жас туристер ата-аналарымен бірге от жағуды үйреніп, семафорлық белгілермен танысты, салауатты өмір салтына арналған викторинадағы күрделі сұрақтарға жауап берді, Ертіс жайылымындағы дәрілік өсімдіктерді зерттеді және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгерді.
Күннің екінші жартысында қатысушыларды туризм элементтері енгізілген қызықты кедергілер жолағы күтіп тұрды. Жеке біріншілікте (ең белсенді қатысушы ретінде)
I орынды — Алексей Задворов,
II орынды — Никитин Гектор,
III орынды — Колесникова Милана иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Сайга» дүкені атынан медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызықты іс-шара ұйымдастырғандары үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
