Секция бағдарламасында келесі мәселелер қарастырылды:
«Экологиялық жобалар арқылы кәсіби бағдар жұмысы: «Орталық – болашақ экологтың бастапқы алаңы»;
«Туристік жорықтар жағдайында білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру»;
«Өлкетану практикумы: киелі мекендерге сапар арқылы кәсіби бағдар беру мүмкіндіктері»;
«Қосымша білім беруде балаларға экологиялық тәрбие беру (Ақсу балалар эко-техноорталығы мысалында)»;
«Ауыл мектебіндегі экологиялық білім берудің заманауи үрдістері»;
«Экоферма: өсімдіктерді субстратсыз өсіру технологиялары».
Барлық қатысушылар үшін Орталықтың жылыжайына, «Жас эколог» музейіне және экологиялық-ботаникалық кешеніне локациялық экскурсиялар ұйымдастырылды.
Секция өз жұмысын «Адал азамат» республикалық бағдарламасын жүзеге асырудың алдағы перспективалары бойынша конструктивті диалогпен және пікір алмасумен аяқтады.
