Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«ӘКЕ, АНА, МЕН – СПОРТТЫҚ ОТБАСЫ!»
19-09-2025 12:35
«ӘКЕ, АНА, МЕН – СПОРТТЫҚ ОТБАСЫ!»

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Әке, ана, мен – спорттық отбасы!» атты спорттық-туристік жарыстары өтті.

Белсенді демалыс мерекесіне қаладағы ынтымақты отбасылар жиналып, өз күшін, ептілігін және командалық рухын сынап көрді. Қатысушылар эстафеталарда, спорттық сындар мен туристік тапсырмаларда бақ сынап, бір-біріне қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Командалар әке, ана және бала немесе бір ата-ана мен екі баладан құрылды. Жарыс үш жас санатында ұйымдастырылды: 10 жасқа дейін, 11–14 жас және 15–18 жас.

Сайыс алаңында ерекше атмосфера орнады: балалардың күлкісі, ата-аналардың қолдауы мен достық көңіл-күйі іс-шараны шынайы отбасылық мерекеге айналдырды. Барлық қатысушылар жарқын әсерлерге бөленіп, ал жеңімпаздар грамоталармен марапатталды