"Мектеп мұражайларын цифрландыру: білім берудегі жаңа көкжиектер" атты облыстық семинары
Орталығымыздың қосымша білім беру педагогы Ахмерова Сауле Елубаевна "М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы" КМҚК базасында өткен "Мектеп мұражайларын цифрландыру: білім берудегі жаңа көкжиектер" атты облыстық семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында Сауле Елубаевна "Туған өлке бойынша өлкетану маршрутын жобалау" тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын таныту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен әдістемелерді талқылауға мүмкіндік берді.
