Тәрбиеленушілеріміз ҚР Чемпионатында жоғары нәтижелер көрсетті!
2026 жылғы 3–7 қаңтар аралығында Алматы қаласында, Қазақ спорт және туризм академиясының спорт залында жасанды бедердегі спорттық туризмнен «туристік көпсайыс» бойынша ҚР Чемпионаты өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы мен Алматы облысының спорттық туризм федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Чемпионат қорытындысы бойынша спортшылар барлық жас санаттарында жоғары нәтижелер көрсетті.
