Шағын Отанының өткені мен бүгінін, болашағын терең түсінетін, ата-бабаларының тарихи рөлін құрметтеп, ұрпақтар сабақтастығындағы өз орнын айқындай білетін, туған жер тағдырын өз тағдырымен тығыз байланыстыра алатын отансүйгіш азаматты тәрбиелеуге бағытталған «Өз жеріңді танып біл» қалалық турнирінің қорытындысы шығарылды.
Турнирге қаладағы 24 жалпы орта білім беру мектебінен 120 білім алушы қатысып, туған өлкенің тарихы, табиғаты, мәдени мұрасы мен белгілі тұлғалары туралы білімдерін ортаға салды. Қатысушылар өздерінің ізденімпаздығы мен білім деңгейін көрсетіп, тартысты да мазмұнды сайыс өрбіді.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орын №35, №24 және Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектептеріне бұйырды.
ІІ орын №39, Ә. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы және Кенжекөл жалпы орта білім беру мектептері иеленді.
ІІІ орын Қ. Бекхожин атындағы, С. Торайғыров атындағы, Ш. Шөкин атындағы, №47 және №25 жалпы орта білім беру мектептеріне табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы білім бәйгелерінде де толағай табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
