Шаңғыдағы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты
2026 жылғы наурыз айында аралығында Өскемен қаласында шаңғыдағы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ақ қар жамылған алаңда еліміздің 7 өңірінен жиналған спортшылар ептілік пен төзімділіктің нағыз сынын көрсетті.
Бұл додада Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығының «Вертикаль» командасының 8 спортшысы Павлодар облысының намысын қорғап, өздерінің жоғары дайындықтарын дәлелдеді.
Қар үстінде карта мен компасты серік еткен жас спортшылар әр қашықтықта шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
Жеңіс тұғырынан көрінгендер:
•Дарья Виткова — эстафетада 1 орын, спринтте 2 орын, орта қашықтықта 3 орын
•Милана Колесникова — спринт пен ұзақ қашықтықта екі дүркін чемпион.
