2026 жылғы 29 сәуірде Павлодар облысы білім беру басқармасымен бірлесіп, КМҚК «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» негізінде облыстық семинар өтті.
Семинар тақырыбы:
«Білім беру ұйымдары аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және ландшафтты дизайн»
Іс-шара ТжКБ педагогтарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар:
- білім беру кеңістіктерін көгалдандырудың заманауи трендтерімен танысты;
- колледж аумағын көгалдандыру мүмкіндіктерінің практикалық көрсетіліміне қатысты;
- жасөспірімдер арасында экологиялық волонтерлік пен эко-белсенділікті дамыту мәселелерін талқылады;
- Орталықтың үздік жасыл аймақтарымен танысу мақсатында экскурсиялық серуенге қатысты;
-бөлме өсімдіктерін қолдану бойынша шеберлік сабағында практикалық дағдыларды меңгерді.
Семинар тәжірибе алмасуға, шабыт алуға және экологиялық тәрбие мен ландшафтты дизайн саласында өзекті білім алуға мүмкіндік берді
