Павлодар қаласындағы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы базасында «Торайғыров университеті» «Биотехнология» кафедрасының студенттері Қапашев Ахметуәли Рашитовичтің жетекшілігімен тәжірибелік зерттеу жүргізуде.
Зерттеудің негізгі мақсаты — сутегі нанобөлшектерінің құлпынайдың өсуі, дамуы және өнімділігіне әсерін анықтау. Эксперимент барысында өсімдіктер құрамында әртүрлі концентрациядағы сутегі нанобөлшектері бар ерітінділермен өңделуде.
Тәжірибе бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінген, біркелкі және сау көшеттер қолданылуда. Вегетациялық кезең бойы өсімдіктердің өсу динамикасы, гүлдеу қарқыны, жидек түзілуі және өнімділік көрсеткіштері мұқият зерттеледі.
Зерттеу нәтижелері сутегі нанобөлшектерін ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндігін бағалауға, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз және тиімді технологияларды дамытуға жол ашады.
